«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып жатыр. «Таза қала – ортақ міндет» деп ұрандатқан түркістандықтар киелі шаһарда сенбілік өткізді. Бірнеше аулалар мен көшелер күл-қоқыстан тазарып, шөптер шабылды.
Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер жұмылдырылды. 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар да осы жұмыстың қасынан табылды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттер де белсене атсалысты.
МЕКЕНХАН ҚОЗЫХАНҰЛЫ, ОРЫНБАСАРЫ 09:45
Мыңға жуық қызметкер қатысқан іс-шарада шаһардың шырайын келтіруге бағытталған жұмыстар толассыз жүргізілді. Тазалықшылар Гауһар ана мен Бала би кесенелері аумағында, сондай-ақ Б.Майлин, А.Жангелдин, О.Жандосов көшелерін сыпырып, күл-қоқыстардан аршыды.
НҰРЖАН МАМАТОВ, ТАЗАЛЫҚ МЕКЕМЕСІНІҢ МАМАНЫ
АЙТКҮЛ КОНУРОВА, ӘКІМДІК ҚЫЗМЕТКЕРІ
Сенбілікке 6 арнайы техника тартылып, шөптер шабылып, тұрмыстық қалдықтар жиналды. Нәтижесінде 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, белгіленген аумақтар толықтай тазартылды. Мамандар белсенді жұмыстар мұнымен шектеліп қалмайды деп отыр.