Төлеби ауданына қарасты Ханарық ауылында көптен күткен көпір пайдалануға берілді. Ұзындығы 42 метр, ені 10 метр. Ауыл мен аудан арасындағы қатынас енді анағұрлым жақсармақ. Жаяу жүргіншілерге де арнайы жағдай жасалып отыр. Тақырыпты тілшіміз сабақтасын.


Осыдан біраз бұрын жергілікті тұрғындар көпірдің салынуын өтініп, әкімдікке шағымданған. Айтылған мәселе көп күткізбей шешіле бастады. Енді міне, ауыл мен ауданды жақындататын көпір салынып, ел игілігіне берілді. Халықтың қуанышында шек жоқ.


САЙТЖАН ҚАРАТАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Бүгін – ерекше күн. Біз баршамыз Ханарық елді мекеніндегі көптен күткен, көпір құрылысын аяқтап, ел игілігіне тапсыру үшін жиналып отырмыз. Бұл – жай ғана құрылыс нысаны емес, бұл – ауылдың өмір сүру сапасын арттыратын, күнделікті тұрмысын жеңілдететін, ауыл мен аудан арасын жалғайтын маңызды инфрақұрылым.


Ханарық ауылының тұрғындары егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысады. Олар үшін бұл нысанның маңызы зор.


БАҚЫТЖАН ЮЛДАШЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ


ЕЛДӘРБЕК ТАБЫЛДЫ, КӘСІПКЕР

Бұл көпір өткел ғана емес, ауыл мен аудан арасындағы байланысты нығайтатын маңызды жол болмақ.