БАҚ өкілдері мерекесі қарсаңында журналистер ала доп аламанында да сайысқа түсті. 2 күнге жалғасқан тартысты бәсекеге 9 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Сонымен кімнің бағы жанды, қайсы команданың бабы шапты? Келесі бейнематериалда толығырақ...


Тартысты өткен додаға 9 команда қатысқан. Мұнда шымкенттік журналистер ғана емес, Түркістан облысынан да қонақ ретінде 2 құрама шақыртылыпты. Олардың арасында Оңтүстік, Отырар, Күнгей кз, 77, Уақыт, Qyzmet газеті, Ернұр пресс корпорациясы, Түркістан БАҚ құрамасы мен Түркістан телеарнасының командалары өзара бақ сынады..


БАҚТИЯР ТАЙЖАН, «ШЫМКЕНТ АҚПАРАТ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ

Қай елдің ақпараты мықты болса, сол ел мықты болады. Журналистердің басы қосылып, үлкен кеш өтті. Жақсы қуаныш сезім сыйлады. Журналистердің басы қосылып тұрмаса тағы болмайды. Өзіміз ардагер санатына кірдік. Журналистердің басын қосу деген сөз достықтың белгісі. 


Жарыс тартысты, әрі қызықты өтті. Оны спортакиадаға арнайы келіп сөз сөйлеп, қатысушыларға қолдау білдірген қала әкімінің орынбасары С.Құранбек те ерекше атап өтті. Бұл медиа саласының өкілдері қатысқан бәсеке ғана емес, олардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік беретін алаңға айналуы тиіс деді.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сіздердің арқалағандарыңыз алтын, жегенлеріңіз жантақ, халып пенен билік ортасындағы алтын көпір іспеттес қызметтің иегерісіздер. Сіздер арқылы еліміз жұртымыз қоғамда болып жатқан өзгерістерді, атқарылып жатқан жұмыстарды істелініп жатқан істерді біліп отырады. Жалпы қазақ үшін қадірі бар, қасиеті бар мамандық.Күрделі де қиын жұмыстарыңызда мен сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. 


Сондай-ақ «Үздік ШАБУЫДАУШЫ » номинациясына «Оңтүстік» құрамасының ойыншысы Алмас Данабекұлы, ал «Үздік қақпашы» атағына лайық деп танылған «Ернұр пресс корпорациясының ойыншысы, «Үздік қорғаушыны» «Отырар» командасының журналисті алды.


АЛМАС ДАНАБЕКҰЛЫ, «ҮЗДІК ШАБУЫЛДАУШЫ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ

«Оңтүстік» командасы «Үздік шабуылдаушы» номинациясын ұтып алдық. Бұл нәтижелерге біз балалармен көп тренировканың өте көп жаттығудың арқасында жеттік.


Жарыс қорытындысы бойынша, шымкенттік «Қызмет» командасы жоғары деңгейдегі ойын үлгісін, жеңіске деген ерекше ықыласын көрсетіп, жеңімпаз атанды. 2-ші орынды «Түркістан БАҚ» құрамасы, ал, 3-ші орынға «Түркістан» телеарнасының командасы жайғасты. Жүлделі орындарға ие болғандарға ақшалай сыйлықтар табысталды.