Бүгін, 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күні. Кәсіби мереке елімізде 2014 жылдан бері аталып келеді.


Нақтырақ айтқанда, 2003 жылдың наурызында БҰҰ Бас Ассамблеясы 23 маусымды «Мемлекеттік қызмет күні» деп жариялаған қарар қабылдаған. Бұл тәжірибе Қазақстанға 10 жылдан кейін енгізілді. 2014 жылдан бастап бұл күн кәсіби мереке ретінде атала бастады. Мемлекеттік қызмет - Конституциялық негізде жүзеге асырылатын, өз өкілдеріне мемлекеттік басқаруды іске асыруға және республикамыздың өркендеуіне жауапкершілік беретін кәсіби қызметтің ерекше түрі.


Бүгін сондай-ақ, Қазақстан полициясы күні. Құқық қорғаушылар – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Полицейлердің кәсіби біліктілігі мен сертіне беріктігінің арқасында қоғамда тұрақтылық қалыптасып, адамдардың құқық қорғау органдарына сенімі арта түспек.