Шымкенттік полицейлер кәсіби мерекесін қала тұрғындарымен бірге атап өтті.

Атаулы күн аясында тәртіп сақшылары мерекелік концерт ұйымдастырып, шаһар халқына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Сахнада Полиция департаментінің қызметкерлері, Б.Момышұлы атындағы ІІМ оқу орталығы, мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері мен 6506 әскери бөлімінің оркестрі өнер көрсетті. Шырқалған әрбір ән тұрғындардың патриоттық сезімін ұштап, отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған. Көрермендер полицейлерге қосыла ән шырқап, тәртіп сақшыларына алғыс жаудырды.