Бүгінгі көрерменнің көңіліне жол табатын – шынайы оқиға, терең ой, әсерлі бейне. Қазақ киносын жетілдіріп, шеберлікті шыңдау мақсатында SAMGAU республикалық қысқаметражды фильмдер фестивалі басталды. Бұл жас киногерлердің қанат қағуына мүмкіндік беретін рухани алаң. Жас авторлар қысқа уақыт ішінде үлкен мағына сыйдырған еңбектерін дайындап үлгеруі тиіс. Ұйыммдастырушылардың айтуынша «Самғау» – қазақ киносының ертеңіне сеніммен қарайтын бастама.
Бұл – тек өнер алаңы емес, болашақ режиссерлер мен сценаристерге мүмкіндік беретін орта. Фестивальде көтерілген тақырыптар – қоғамның өзекті мәселелері – рух пен сенім. Әрбір бейне терең ой, шынайы сезім мен режиссерлік шеберліктің айғағы. Батырхан Дәуренбековтің сөзінше, SAMGAU – арманы бар жастардың биікке самғар алаңы.
БАТЫРХАН ДӘУРЕНБЕКОВ, «САҚ» КИНОСТУДИЯСЫНЫҢ РЕЖИССЕРІ
Біздің осындай фестивалдар бұл не үшін құнды фистивал бұл 18 жас пен 35 жас арасындағы жастарға қолдау болып отыр бұл жерде бұл жерде мүйізі қарағайдай режиссер отырған жоқ жастарға қолдау ретіңде солар қанатың самғасыншы армандарына жетсінші деген мақсатпен осындай фистивал ұйымдастырып отырмыз
Фестивальге еліміздің әр өңірінен 30-дан астам қысқаметражды фильм ұсынылған. 20 үздік туынды іріктелініп, ақтық сынға жіберілген. Әр туынды – қоғамның айнасы, әр режиссер – жаңа толқынның үні. Ұйымдастырушылар ұсынылған фильмдердің деңгейі жылдағыдан жоғары екенін айтады.
АДАЙ ӘБІЛДИНОВ, ҚАЗАҚСТАН КИНЕМАТОГРАФИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Филімдердің сапасы сүзгіден өті үлкен іріктеуден өтті сондықтаң мен ойлайм осы фистивалге қатысатың 20 ма дан астам филімің барлығы жоғары деңгейлі
Дархан Бауыржанұлы «Шымкент – сүйікті қалам!» тақырыбын таңдаған. Туындысында мегополистің көрікті орындарын айшықтап, туристік нысандарын көрсеткен. Шаһардағы өзгерістер жайын тізбектеп, қайырымды қала тұрғындарын бейнелеген.
ДАРХАН БАУЫРЖАНҰЛЫ, ҚАТЫСУШЫ
«SAMGAU» қысқаметраж кино фистиваліне «Есік ауданы» қысқаметражды фильм әкелдім «SAMGAU» фестивалін бұрынаң білем бырақ бірінші рет қатысып отырымын
Байқау – отандық кино өнеріне серпіліс жасап, жаңа есімдерді танытатын күн. Қысқаметражды фильмдер фестивалі – жастардың шынайы өмірді бейнелеудегі батылдығы мен шығармашық қарым-қабілеттерін көрсетіп отыр. Қатысушылар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, шешім жолдарын да қоса ұсынады. «Мұндағы әрбір фильм – жүректен шыққан туынды, қоғамға ізгі ой тастайды» дейді ұйымдастырушылар.