Шымкентте премьер-лига командаларының 13 тур ойындары өтті. Шымкенттің «Ордабасы» командасы Көкшетаудың Оқжетпесін қабылдап, тартысты ойын көрсетті.
Бірінші кезеңі алма кезекті шабуылмен жалғасты. Ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда Сағадат Тұрсынбай айып алаңынан Оқжетпес қақпасына гол салды. Есеп 0:1. Нәтиже ойын соңына дейін өзгермеді. 13- турдағы басты ойын Ақтөбе қаласында жергілікті Ақтөбе мен Астана командалары арасында өрбіді. Есеп 0-1 астаналықтардың жеңісімен аяқталды. Ал, Қайрат – Қызылжарды 1:0, есебімен ұтып турнир кестесіндегі 2 орнын сақтап қалды. Сондай-ақ, Семейдің «Елімайы» өз алаңында Түркістанның Тұранын қабылдап 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ордабасы ендігі ойынын 29-маусым күні Қажымұхан стадионында басты қарсыласы Алматының Қайратымен өткізеді.