Шырайлы, шежірелі құтты мекен. Қала күні мерекесіне орай Шымкентте републикалық ақындар айтысы өтті. Дүбірлі додаға талай бәйгеде топ жарып, жұртшылықтың ризашылығына бөленіп жүрген 12 ақын қатысты. Кіл мықтыдан, кім мықты шықты? Алдағы сюжетте.
Айтыс екі кезең бойынша өтті. Алты жұп сынға түсіп, жыр көрігін қыздырды. Сөз зергерлері ел мен жер, тіл мен тарих, ұлт болашағы, әлеуметтік мәселелерді қозғап, шешендік, тапқырлықтарымен ерекшеленді.
Іс-шараны тамашалауға келген халықтың қарасы қалың болды. Көрермендер әр айтыс жұбына шынайы қолдау көрсетіп, қошеметтерін аямады.
ЗАБИРА БОЛЫСБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Өнер додасына елімізге танымал зиялы қауым өкілдері, ақындар қазылық етті. Аламанның нәтижесі бойынша бас жүлде автокөлік Нұрлан Есенқұловқа бұйырды. Ал, 1 орынға Жансая Мусина жайғасса, 2 орын Біржан Байтуов пен Аспанбек Шұғатаевқа берілді. Дүбірлі доданың үздік үштігін Дидар Камиев пен Ержан Әміров түйіндеді. Оларға қомақты қаржылай сыйлықтар табысталды. Орындардан бөлек қала әкімінің Майлықожа атындағы сыйлығы Алтынкүл Касымбекованың қанжығасына байланды. Қалған ақындар да құр алақан қайтқан жоқ.