Ақжолтай жаңалық! Шымкентте 24 жастағы келіншек алғашқы жүктіліктен үшем босанды. Феруза Рахимова Мұстафа, Мұса, Хадия есімді сәбилерімен қалалық №1 перзентханадан үйіне шығарылды. Ата-аналардың қуанышына ортақтасып қайтқан тілші сюжеті.


Сәбилер жүктіліктің 31-аптасында мерзімінен бұрын туылып, бастапқыда жағдайлары ауыр болған. Шақалақтар біраз уақыт тыныс алу аппаратының көмегімен жан сақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болды.


ГҮЛНАР ШАЙМЕРДЕНОВА, ФИЗИОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ


ФЕРУЗА РАХИМОВА, ҮШЕМНІҢ АНАСЫ

Мен үшем екенің алғашқы бірінші узимымда білгемін шыны крек өзім қатты таңғалдым күткен жоқпыз жолдасым,енем,өзімінің ата-анамыз таңғалдық өте қуандық алланың берген сыйы гой енді.


Білікті медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында нәрестелер толық ем алып, денсаулықтары жақсарып, салмақ қосқан. Қазіргі таңда анасы мен сәбилердің жағдайы қанағаттанарлық.


ГҮЛЖАН ХАНГЕЛЬДИЕВА, ДӘРІГЕР-НЕОНАТОЛОГ

Алғаш ата-ана атанып отырған жұбайлардың қуанышында шек жоқ. Сәбилеріне Мұстафа, Мұса, Хадия есімдерін берген.


ЭЛЬДОР ХАЙДАРОВ, ӘКЕСІ

Ерекше сезімдемін. Балаларға анасы және өзімнің анам көмектеседі


Шымкент қаласында туу көрсеткіші артып келеді. 2025 жылдың басынан бері 12 648 сәби дүниеге келген, олардың ішінде 149 егіз және үш үшем тіркелген.