Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласында жоғары технологиялық медициналық қызмет дамып келеді. Мәселен, кардиологтар осы жылдың 11 айында жүрегінде ақауы бар 2235 науқасқа жоғары технологиялық медициналық қызметтегі оталар жасаған. Сондай-ақ 2020 жылы тірі донордан алынған 6 бүйректі алмастыру отасы жасалынған. Басқарма мамандарының хабарлауынша, трансплантологиялық операцияларды жасайтын №1 қалалық клиникалық аурухана  науқастарға сапалы, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін заманауи медициналық  құралдармен жабдықталған екен. Қалалық онкологиялық орталықта сол өкпесінің төменгі бөлігінің ісігі диагнозы қойылған 49 жастағы  науқасқа видеоторакоскопиялық әдіспен ота жасалды. Операция барысында мамандар ісікті аппараттың көмегімен тіліксіз алып тастады. Ота жасалған күні-ақ науқас жан сақтау бөліміне емес, бірден палатаға ауыстырылды.