Шымкенттегі мал базары қазір төрт түлікке толы. Бірақ, өтіп жатқаны аз. Баға төмен. Шаруалардың айтуынша малдың арзандауына шөп құнының шарықтауы себеп. Өйткені, шөп қымбат болса мал шығынын ақтамайды.
Шөптен қысылып малын сатып жатқан шаруаның бірі Сұлтан. Ол бүгін майда тұяқ малынның қозыларын бөліп әкелген. Ондағы ойы төлін сатып қойларын аман алып қалу.
Сұлтан Әмірәлиев Шаруа
Негізінде биыл шөптен қатты қысылған аймақтың оңтүсгіндегі шаруалар. Себебі қазірдің өзінде Шардара, Келес, Жетісай және Мақтарал аудандарындағы жайлымдардың шаңы шығып жатыр. Есесіне шөп бағасы күн санап өсуде. Тіпті биылғы баға былтырғыдан 2 есеге жоғары.
Азамат Төлепбаев Шөп сатушы
700-800 теңге ол шөптің басындағы баға. Ол шаруаларға жеткенше мың теңгеден асып кетеді. Себебі, соңғы уақытта аймақта шөпті сығымдаушылар, тасымалдаушылар барлығы бағаны қымбаттатып жіберген. Шаруалар бағаның алдағы уақытта әлі қымбаттауы мүмкін екенін айтып отыр. Егер олай болса шаруалар шаш етектен шығынға батады. Мұны әкімдік мамандары да біліп отыр. Бірақ қолдан келер қайран жоқ дейді
Сейітжан Әзбергенов Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас маманы
Статистикаға сүйенсек Түркістан облысында төрт түліктің саны 6 млннан асқан. Ал, ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 612 гектар. 150-ден астам елдімекен маңында тіпті мал жаятын жер жоқ. Оның үстіне биылғы қуаңшылық жығылғанға жұдырық болды. Енді шарулар кімнен көмек сұрарын білмей отыр.
М. Жарылқасын