Мақпал Рысбаева тілші
Әне-міне қаланың өкпесіне айналғалы тұрған дендрасаябақ әлден-ақ алыстан менмұндалайды. Әсіресе, қас қарая бастағанда іске қосылатын жарықшамдары қаланың ажарын ашып, көздің жауын алардай. Қала халқы қазіргідей аптап ыстықта нысан құрылысының аяқталуын асыға күтіп жүр. Солардың бірі қала тұрғыны - Нұрмахан Жалғасов. Қазірден-ақ саябаққа келіп, кешқұрым бой сергітеді. Замануи талапқа сай төселген жүгіру жолағы салауатты өмір салтын ұстанғандар үшін өте ыңғайлы екен. Спортты серік еткен кейіпкеріміз қалада дене шынықтыратын орын жоқ еді, бұл бір біткен іс болды дейді.
Нұрмахан Жалғасов қала тұрғыны: 05-25 «Ауасы таза. Бұрын жүгіру үшін Шымкентте стадионға баратын едік... »
Саябақтың құрылыс жұмыстары былтыр наурыз айында басталған. Нысанның негізгі құрылыс жұмыстары қазір толық аяқталған. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері қойылып, келушілерге бар жағдай жасалыпты. Жарықшамдар орнатылып, газон мен суару жүйесі толықтай жүргізілген. Аяқ жол тақтайшалары төселіп, асфальттелген. Саябақтың құрылысы мен күтіп ұстау жұмыстарына 150-ден астам қызметкер жұмылдырылыпты. Жұмысшылар жасыл желекті мезгілімен суарып, нысанды күтіп ұстаудың қамында жүр.
Нұралхан Тұрған Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің бас маманы: «Жалпы ауданы – 27,8 га құрайды, саябақ аумағында 12 000 дана ағаштар, 2360 ш.м. аумағына гүлдер, 20 476 ш.м. аумағына көгалдандыру жұмыстары жоспарланған. Бүгінгі таңға 12 000 түп ағаш отырғызылған,»
Қаланың өкпесіне айналатын көрікті нысан қараша айында пайдалауға беріледі. Климаты ерекше шахарда жасыл желектер санын арттыру үшін қолға алынған дендрасаябақ қала тұрғындары мен туристердің сүйікті орнына айналмақ.
М.Рысбаева