Нышанбек ата зайыбы Зейнепгүлмен бірге отау құрғанына бүгін 50 жыл толып отыр. Алтын той иелерін қалалық АХАТ бөлімінің мамандары арнайы құттықтап, сый-сияпат жасады. Жарты ғасырдан бері бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп келе жатқан үлгілі жұп жастарға бақытты некенің сырын ашты.
«Ең бастысы – сыйластыққа сызат түсірмеу» дейді алтын той иелері. Таршылыққа да баршылыққа да сабырмен, асқан төзіммен қарау - бүгінгі жастарға жетіспей тұр. Қиындыққа төзбей, ат жалын үзісіп кететіндер көбейді. Айталық, былтыр 3 айда 8436 жұп некеге тұрса, 185-жұп ажырасуға арыз берген.
Адам өмірі отбасынан басталады. Азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы - әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі. Сондықтан мұндай шараның жастарға берері мол болмақ.