25 қазан – Республика күніне орай Түркістанда Мемлекеттік Туды ресми көтеру рәсімі өтті. «Рәміздер алаңында» ұйымдастырылған патриоттық іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, жалынды жастар қатысты. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды да арнайы қатысып, көк Тудың мәртебесін көтеретін бастамаға үлес қосты.
Алдымен Әнұран шырқалып, ол отаншылдық бағыттағы әндерге ұласты. Облыс өнерпаздары рухты оятатын әндерді шырқап, мерекенің ажарын аша түсті. Осылайша, түркістандықтар Қазақстан көлемінде аталып өтіліп жатқан патриоттық іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды. Түркістандағы «Рәміздер алаңындағы» тұғырдың биіктігі – 62,5 метр. Ал Тудың ені 12 метр болса, ұзындығы – 24 метр. Еліміздегі ең биік тутұғыр мен тудың бірі болып есептеледі.

Биыл 25 қазан - ұлттық мереке ретінде аталып өтіп жатыр. Бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз, – дейді шараға қатысқандар.
Ұлттық мерекенің мәртебесі жайлы Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда айтылған еді. Республика күні Қазақстанның жаңа тарихында еліміздің басты мерекелерінің бірі болып қайта оралды.