Кез келген биік белесті  бағындыруыңызға  болады. Бірақ жеттістікке жетуіңізге жалқаулығыңыз бен өзіңізді жетік танымауыңыз кедергі. Дәл осы мәселелермен күресуге  жол көрсететін «Мен кіммін?» атты кітап жарық көрді.


Кімнің бай болғысы келмейді, Құдайы қаламайды. Осындай оймен басталатын кітапта түрлі тағдырлар мысалмен келтірілген. Адамның жолы мен бағын байлайтын кедіргілердің барлығы жеке тұлғаның өз мінезі, қылығы, әдеті.  Сондықтан бүл кітапта бірінші адам өзін өзі танып жаман әдеттермен күресу жолдары жазылған.
Бүл кітап 12 тарау 341 беттен тұрады. Автор туындының әр тарауы оқырманды жалықтырмайтынына сенімді. Себебі алғашқы оқырмандар легі көптеп жақсы пікірлерін  білдіріп жатыр екен. Өмір, қателік, рухани қасиеттер, өмір формуласы бөлімдерінде әр тұлға өзін терең тануға бағытталған кеңестер бар.  Ал кәсіп түбі нәсіп, тасты жарып шыққан гүл секілді тарауларда табыс пен жеттістіктің кілтін қалай табуға болады деген сұрақтың нақты жауабы жазылған.
Данияр Беркінбаев құрғақ ақыл айтатындардың қатарынан емес. Бүгінгі таңда көптеген  адамды жұмыспен қамтып отырған белгілі кәсіпкер.  Өмірде демеуші мен тіреуі болмасада дүниені тірнектеп жинап даму жолында маңдай терін аямаған күрескер жан. Егерде ерекше кітапқа қол жеткізгіңіз келсе daniyar¬¬¬_berkimbayev  инстаграм  парақшасына жазылып алуыңызға болады. Немесе 17 мөлтекаудан Шаяхметов көшесі №21 үйде орналасқан кеңседен сатып алуға болады.