Шымкенттіктер мәдениет және өнер қызметкерлері күнін атап өтті. Салтанатты жиында саланың жетістіктері айтылып, сахна саңлақтары арнайы марапатталды. Елді рухани байытып, өнеріміз бен мәдениетімізді дәріптеген жандарға құрмет көрсетілді. Озаттар «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін тағынды.
Айтулы шараға қала әкімінің бірінші орынбасары арнайы қатысты. Егемен еліміздің мәдени-рухани өркендеуіне өз үлесін қосып, мегаполистің өнері мен мәдениетін танытқан шығармашылық маман иелеріне алғыс білдірді.
Мәдениет пен өнерде халық тани бермейтін, сахна сыртында да жүздеген маман еңбек етеді. Солардың бірі –Элмира Өтепова. 35 жылдан бері мәдениет саласында табанды еңбек етіп отырған ол кәсіби мерекеде еңбегі еленгеніне дән риза.
Соңғы жылдары қазақ мәдениеті мен өнерін жаһанға насихаттау жолында қыруар жұмыс жүзеге асырылып, сапалы нәтижелерге қол жеткізілді. Мұның бәрі сала қызметкерлерінің табанды еңбегінің нәтижесі екені сөзсіз.