Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет. Халық керегіне жарап, ел игілігі үшін кірпік қақпай жұмыс істейтін мамандар мақтау мен марапатқа лайық. Ұранды ойды негізге алған Мемлекеттік қызмет істері агентті «Үздік сапалы қызмет көрсетуші» байқауын ұйымдастырды. Онда арнайы тағайындалған комиссия мүшелері үміткердің біліктілігін тексеріп, іс-тәжірибесін сүзгіден өткізді. Толығырақ тілші тарқатып айтады.


Байқау екі кезеңнен тұрады. Өңірлік деңгейде үздік атанған қатысушы республикалық сайысқа жолдама алып, шаһар намысын қорғайды. Алғашқы сында 12 үміткер бақ сынап, видео таныстырылым жасады. Жарыс екі номинация аясында өтті. Олар - Клиентке бағдарланған қызмет көрсетуші және сервистік бағдарланған қызмет көрсетуші.


ҚАНАТ ҚАДІРБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

– «Жобаның бірден-бір ерекшелігі мемлекеттік қызметшілерді сапалы қызмет атқаруға ынталандыру» 


Индира Калибекова – байқауға қатысушы. Айтуынша, халыққа адал, қалтқысыз, шынайы қызмет атқару – саладағы әрбір азаматтың басты борышы. Дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы қызметін атқаратын ол, қоғам ішіне дендеп еніп, халықпен бір қатарда жұмыс істеуге дағдыланған. Бүгін Индира іс-тәжірибесін сынға салып, байқауда бақ сынауға бекініпті.


ИНДИРА КАЛИБЕКОВА, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ

 – «Мемлекеттік қызметшілердің ең басты мақсаты адамдарға спалы әрі тиімді қызмет атқару.»  «Мемлекетіміздің саясатын жүргізіп, мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларымызды алып келіп отырмыз.» 


Сайыс барысында қатысушылар өз жобаларын комиссия мүшелеріне ұсынып, қорғады. Тосыннан қойылған пысықтауыш сауалдарға жауап берім, білім деңгейін көрсетті.