Соңғы жылдары мемлекеттік қызмет көрсету саласына үлкен өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актілер қабылданды. Осының негізінде қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті БАҚ өкілдерінің басын қосып, атқарып жатқан жұмыс барысымен таныстырды.
Жыл басынан мыңнан аса қызмет алушы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметіне жүгінген. Олар эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы қорытынды алу бойынша жүгінген.
Сондай-ақ бес жұмыс күнде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерін өндіру объектісіне есептік нөмір алуға болады. Ал маман сертификатын алу уақыты 10 күн.
Айта өтейік, барлық мемлекеттік қызмет www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетіледі. Қызметке тапсырыс беру үшін алдын ала электронды цифрлы қолтаңба болуы қажет.