Шымкент қаласындағы 102 16 әскери бөлімінің құрылғанына 40 жыл. Атаулы күнге орай орай бөлім қызметкерлері алқалы жиын өткізді.
Салтанатты шара қарулы күштер құрлымының дәстүріне сай басталды. Әскери оркестрдің әеніне доп қадымдаған офицерлер бөлім жалауын сақынаға алып шықты. Әнұран шырқалып құтықтау тілектер айтылды. Бөлім командирі қызметкерлерінің әуе шабуылына тойтарыс беруге қашанда дайын екендігін тілге тиек етті.
Жауапты қызметті жауынгерлік төзіммен адал атқарған сардарлардың еңбегі ескерілді. Оларға бөлім командирі арнайы алғыс хат пен төсбелгілер табыстады. Арнайы шақыртылған меймандар құтықтау тілектерін жеткізді.
Жиын соңы концерттік бағдарламен жалғасты. Мегаполис өнерпаздары сарбаздар мен сардарларға әннен шашу шашты. Патриоттық ән тыңдаған бөлім қызметкерлері қанаттанып қалды. Өнермен сусындаған қарулы күш қызметкерлері жадырасып тарқады.