Мемлекетен қолдау алып мың  жылқыны бордақылап отыр. Оған қоса 1500 бас ірі қара тұқымында етке өткізуге дайын.  Бұл Шымкенттегі  «Алтынсай» шаруа қожалығығы.  Ірі қожалықтың тынысымен арна тілшісі танысып қайтты.

«Алтынсай» ШҚ. Өз жұмысын 2016 жылдан бастаған. Алғашында 100 бас ірі қара мал бордақылаудан бастаған жас кәсіпкердің шаруашылығында бүгінде 1000 бас жылқы және 1500 бас ірі қара мал бар. Бұған қоса адам ағзасына өте пайдалы, түрлі ауруларға шипа бөдене асырауда. Оның жұмыртқасы мен етін қала аумағында көршілес облыстар мен Астана қаласына дейін жеткізуде.

Қожалық айына 250 бас жылқы 200 бас ірі қараны  етке өткізеді.  Жылына 650 тонна жылқы еті және 750 тонна сиыр  еті өндіріледі. Ал асыл тұқымды биелерінің жем шөбіне мемлекеттен жәрдемақы алады.

Шымкентте 62 965 бас ірі қара мал ,  72 336 қой ,  10 580 бас жылқы бар.  Мегаполисте мал шаруашылығына да ерекше көңіл бөлініп келеді. 2023 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерге ірі қара, қой, жылқылардың аналық басына арналған жем-шөп сатып алу шығындарын арзандату бойынша 234,1 млн теңге қаржы қаралған.