Арзан әрі сапалы тауар іздесеңіз, Ақниет базарына келіңіз! Жаңадан ашылған сауда нүктесінде күнделікті қажеттілікке тұтынатын заттардан бастап, киім – кешек, әшекей бұйымдары мен төсекорын жабдықтары, тұрмыстық жиһаздар мен электронды техникалар, сондай-ақ, ыдыс-аяқты көтерме бағада алуыңызға болады. Мұнда, тұтынушылармен қатар, кәсіпкерлерге де қолайлы жағдай жасалған.
Сауда нүктесіндегі қай тауарды алып қарасаңызда, бағасы нарықтан әлдеқайда төмен. Өйткені, мұнда шет елдік өндірушілердің өздері тікелей жеткізеді. Көтерме бағада сіз күнделікті қажеттілікке тұтынатын заттардан бастап, киім – кешек, әшекей бұйымдары мен төсекорын жабдықтарын, сондай-ақ, ыдыс-аяқты даралап алуыңызға болады. Серіктесіп кәсіп бастаймын деушілерге де мүмкіндік мол.
Көтерме базарда жиһаз бен кілем қоймасы орналасқан. Ұнаған затыңызға тапсырыс берсеңіз, лезде жеткізіп береді. Алдағы уақытта, сауда орталығының бір қатары аяқ киімдермен толықса, электрондық техникалар сатуға арналған дүңгіршектердің сыртқы келбеті әрленуде. Келушілер үшін көңілден шығар кәдесый мен жұпар исі аңқыған үй гүлдеріде осында.
Сауда орталығында ұлттық нақыштағы киімдердің бір емес бірнеше нүктесі бар. Талғамыңызға қарай тапсырыс берсеңіз, ісмерлер аз уақыттың ішінде дайындап бере алады. Сондай – ақ, отандық өнімге деген базар әкімшілігінің қолдауы, кәсіпкерлерге дем беріп отыр.
Жұмысын бастағандарына 6 айға жуықтаған сауда нүктесінде тұтынушылармен қатар кәсіпкерлерге де қолайлы жағдай жасалған. Бастапқыда тегін берілген сауда орындарының бүгіндегі жалға алу ақысы қалтаға қонымды. Базар әкімшілігі келешекте кеңейту жоспарларының бар екенін айтып қалды. Себебі, санаулы ғана дүңгіршек қалған. Ал, сұраныс күннен-күнге артуда екен.
Көтерме базар аумағы толықтай бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар, нысан қауіпсіздігін тәулік бойы күзетшілер қамтамасыз етеді. Мұндағы, асхана, қымызхана, әсемдік салондары қала тұрғындары мен қонақтарының уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермек. Айта кетейік, 600 астам орынға шақталған сауда орнында жұмыс жасаймын деушілерге әрқашан есік ашық. Мекен – жайы: Алматы тас жолы 65/5. Ақниет аялдамасы.