Шымкент «Мир» балет мектебінің ұйымдастыруымен «Ширек ғасыр шыңдары» атты іс-шара өтті. 25 жылдық  тарихы бар  мектептің концертінде шәкірттер өз өнерлерін паш етіп, көрерменді тәнті етті. Мерейтой қалай өтті?

 Классикалық би  үлгісінде  өткен  шараға Шымкенттен өзге Алматы мен Астана қалаларынан өнер тарландары мен ансамбль әртістері бой көрсетті. Ширек ғасырлық тарихы бар мерейтой  мектепте тәлім алып жатқан шәкірттер мен ұстаздардың ерен  еңбегінің нәтижесі, - деді мектеп директоры.

Сонымен қатар концертте мектепте түлеп ұшқан түлектер де қатысып, қолдауларын білдірді. Олар мектептің шығармашылық қабілетіне қосқан  үлесін атап өтті. Тәлімгерлеріне алғысын айтып, ыстық лебізін жеткізді.

 Шәкірттер әртүрлі би қойылымдарын қойды. Мектеп тарихындағы ауқымды мерейтойға қонақтарда дән риза болып, ұжымға алғысын жеткізді.