Елімізде  алғаш рет  «Аналар күні» мамыр айының екінші жексенбісінде ресми түрде атап өтіледі.  Мерекеге орай Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде «Анаға тағзым» тақырыбында форум өтті.  Форум аясында күйзелісте жүрген аналарға қолдау көрсетіліп, білікті мамандар  психологиялық көмек көрсетті.

 Мереке мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елінде тойланады. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Италия, елдері болса, 2024 жылы Қазақстанда алғаш рет ресми түрде мерекелер тізіміне енгізілді. Шарада «Даналық» мектебі негізінде құрылған «Аналар», «Әжелер», «Қыздар», «Жеңгелер» клубтары да бүгінгі жиынға белсене атсалысып, бұл мерекенің маңыздылығына тоқталды.

 «Шын мәнінде, әрбір адам үшін анадан ұлы, анадан қымбат ешкім жоқ. Ең қастерлі құндылықтарымыз «Жер-ана», «Отан-ана» ұғымдарымен тығыз байланысты, осылай деген мектеп оқушылары да форумнан тыс қалмастан, қоғамдағы әйел ананың, қыз баланың  рөлі жайлы  әңгіме қозғады.

 Аналар күнін мерекелеудің басты мақсаты әйел аналардың   қоғамдағы рөлін арттыруға, әр азаматтың ата-анасына құрмет көрсетіп, алғыс айта білуге тәрбиелеу, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға бағытталған.

Айта кетейік, бүгінде Республикалық аналар кеңесінде елдің облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық деңгейлерінде 1713 бөлімше бар (оның ішінде 17 облыстық, 56 қалалық, 159 аудандық, 1481 ауылдық және этномәдени бірлестіктер жанында), олардың құрамына 16051 әйел кіреді.Форумға жалпы, 150-ге жуық оқушылар мен 20 ата-ана іс-шараға қатысып, тегін психологиялық кееңс алды.