Ордабасы ауданында жаңа зауыттың қазығы қағылды. Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімі алюминий профильдерін өндіру жобасымен танысты. Инвестормен кездесіп, пікір алмасқан Дархан Сатыбалды аудандағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Толығырақ алдағы бейнематериалда.


 Күні бүгін капсуласы салынған алюминий профильдерін шығаратын зауыттың  жер жұмыстары басталды. Келесі жылдың I тоқсанында жобаның бірінші кезеңін іске қосу көзделген. Нәтижесінде 180 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарланып отыр. Ал ІІ кезеңінде 150 адам жұмысқа тартылмақ.  Жоба аясында 7,5 млрд. теңге инвестиция құйылып, әр кезеңде 10 мың тоннадан өнім өндіріледі деп күтілуде.

  Еліміз бойынша білім нысаны ең көп салынып жатқан өңір – Түркістан облысы. Бүгінде жергілікті бюджет есебінен 20 мектептің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 13-і пайдалануға беріледі. 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» жобасы аясында 63 білім ошағын салу көзделген. Оның ішінде 29-ы биыл тапсырылады. : Өңірде тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары да қарқынды. Дархан Сатыбалды Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауыл округі, Темірлан елді мекеніндегі 1 қабатты, 2 пəтерлі 6 тұрғын үйдің қазіргі жай-күйімен танысты. Үйлердің құрылысы өткен жылы басталып, биыл аяқталған. Жалпы алаңы – 750 шаршы метр болса, 1 үйдің аумағы – 62,5 шаршы метр.