Елдің тыныштығын күзетіп, қауіпсіздікке қырағылық танытып жүрген тәртіп сақшылары барлық құрметке лайық. Солардың бірі Президенттен Айбын орденін алған Арман Арипжанов.


Жас полицей ішкі істер органдары қатарында 2015 жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан сала үздігі былтыр қарулы қылмыскерді ұстау кезінде ерлік танытып, борышын абыроймен атқарғаны үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Қырағы қасиет-қабілеттерді бойына тоғыстырған жедел уәкіл 2023 жылдың ақпан айында өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, Шымкент қаласындағы қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдіктіні ұстады. Түзде қоғам тыныштығы мен қауіпсіздікті қорғаушы, үйде – үлгілі әке, сүйікті жары Жұлдызбен бірге үш ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр. Жауапкершілігі зор саланы абыроймен еңсеріп жүрген тәртіп сақшысының жарының айтуынша, жанұясы отағасын үнемі қолдап, мақтан тұтады.