Шымкентте 150-ден аса сарбаз бен сержант әскери біліктілігін арттырады. Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен аумақтық қорғаныс бригадасының запастағы әскери міндеттілерге арналған оқу-жаттығу жиындары басталды.


Запастағы сарбаздар мен сержанттар қорғаныс саласындағы біліктілігін арттыруды бастады. Он күндік жиынның мақсаты – әскери резервті жинақтап, мамандардың білімін жетілдіру. Әскери оқу-жаттығу жиындарына жауапты аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Ержан Сартаевтың айтуынша, жиын соңында сарбаздарға әскери шен мен мақтау қағаздары табысталады.
 


ЕРЖАН САРТАЕВ, 50120 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ, ПОЛКОВНИК
-Біз бүгін кезекті әскери жиын тактикалық оқу-жаттығу әскери жиынын бастап отырмыз. Оған бригаданың бөлімшелеріне қарасты 156 әскери сарбаз көлемінде арнайы әскерлер батальонын шақырдық. Осы он күн барысында сарбаздардың әскери дайындығын, біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік құқықтық жұмыстары, тактикалық дайындық, арнайы дайындық және атыс даярлығы бойынша сабақтар ұйымдастырылады.


Теориялық және тәжірибелік сабақтар Ақтас полигонында ұйымдастырылады. Әскери жиынға қатысуға келген сарбаздардың жұмыс орны толықтай сақталады. Оған қоса арнайы төлем де қарастырылған. Күнделікті тамақтану, киім-кешек және басқа да материалдық-техникалық жабдықтау жағын

Шымкент қаласы әкімдігінің Жұмылдыру және аумақтық қорғаныс басқармасы мен азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы қамтамасыз етіп, бақылауға алған. Мұндай жиындардардың жастардың отаншылдық сезімін арттыруда берер көп, - дейді отставкадағы полковник.


 Жиынға қатысып жатқан сарбаздар заманауи қару-жарақты қолдану тәсілдері өзгергенін айтады. Одан өзге физикалық тұрғыдан шынығып, әр ер адам үшін үнемі формада жүрудің маңызды екеніне тоқталды.
 

ЕСКЕНДІР ДОСҚАРАЕВ, ЗАПАСТАҒЫ ОФИЦЕР
-Бір ауыз үйдегілерге айттым, Отан алдындағы борышымды өтеуге кетіп жатырмын, 10 күнге. Рұқсатын берді. Міне бүгін форма киіп, аротивигаз алып қатардағы жауынгер болып тұрмыз. Біріншіден ер адам өз-өзін ұстап отыру қажет, өз-өзін дайындап отыру қажет. Мен ойлаймын, әр ер адам Отан алдындағы борышын өтеу қажет.
 

Жиын барысында іс жүзінде қарулы шабуыл болған жағдайда қабылданатын шешімдер мен мемлекеттік маңызды мекемелерді қорғау барысынан арнайы сабақтар өткізіледі. Осылайша 16-25 қыркүйек аралығында 156 әскери міндетті қорғаныстың қыр-сырына қанығып, шыңдала түседі.