Шымкентте жарнама арқылы үлескерлердің қаражатын қабылдамақ болған төрт компания анықталды.
Прокуратура мәліметінше, кінәлілер ҚР ӘҚБтК 320-бабының 1-бөлігі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 миллион теңге айыппұл салынды. Қала тұрғындарына үлестік құрылысқа қатыспас бұрын құрылыс компанияларының лицензиялары мен рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеріп, олардың құжаттарының дұрыстығына көз жеткізуге кеңес беріледі. Үлескерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып саналады, – деп жазылған прокуратура хабарламасында.