Шымкенттік оқушы Париж олимпиадасына қатысады. Бірақ бұл спорт емес білім бәйгесі. Қалалық, республикалық кезеңдерде алға озып, қарсылас шақ келтірмеген шәкірт – тарихы пәнінен өтетін дүниежүзілік олимпиадаға жолдама алды. Физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде тәлім алатын 12 сынып оқушысы Мейірлан Убайдуллаев – дүниежүзі тарихын жатқа біледі. Зерек ұлдың ұмтылысы жайында тілші тарқата айтады.

7 сыныбынан тарих пәнін сүйіп оқып, қызығушылығы оянған өрен мектеп бағдарламасымен ғана шектелмей өз бетінше қоса ізденіп, білімін шыңдай түскен. Астанада өткен республикалық кезеңде үшінші орын алып, Парижде ел намысын қорғайтын ұлттық құрамаға мүше болған. Айтуынша, жазда өтетін олимпидаға дайындық қызу. Жатпай-тұрмай ізденіп, қолы қалт ете қалса тарих оқулығын парақтайды. Әлемдік дода ағылшын тілінде өтетіндіктен, Мейірлан қазір шет тілін шыңдап жүр.

 МЕЙІРЛАН УБАЙДУЛЛАЕВ, ОҚУШЫ
 – «Жақсы бір академиялық платформа бар. «Хан академия» деген. Американдық академиктің платформасы. Дүниежүзі тарихы бойынша лекциялар, видеолар, сабақтар бар. Сол жерден түрлі мақалаларды оқып жүрмін. Кейбір сөздерді түсінбегесін, контекст арқылы зерттеуге көштім. Дүние жүзі тарихы жайлы тек қазақша емес, ағылшынша да ақпараттарды алып жүрмін.» - 02:17 // C3244 //

 Талаптының талантын танып, талабын жоныған ұстаздары жас шәкірт ұмтылысын жоғары бағалайды. Айтуларынша, олимпиада тапсырмалары өте күрделі. Оқушы түгіл стдудентті тіпті кейбір ұстаздарды да тұқыртып қояр сауалдар көп. Соның бәрін аттап өтіп, зеректік танытқан Мейірлан, болашағынан зор үміт күттіреді, - дейді.

 БАҚЫТ АМАЛБЕКОВА, ОҚЫТУШЫ
– «Дүние жүзіне танымал архитекторлар, Париж қаласында салынған Версаль сарайының басты архитекторы, оның өмірбаяны, Ренесанс дәуірі, Мона Лиза авторының жеке өмірі, оның өмірде кездескен қиындықтарыц туралы тапсырмалар кездескен.»
ГҮЛЖӘМИЛА СҮЛЕЙМЕНОВА, ОҚЫТУШЫ
– «Ол іздемпаздығымен көзге түскен бала. Біз айтпай-ақ «дарын орталығының» олимпиадаларына қатысып, өзі орын алып келіп, апай біз орын алып келдік дейтін бала болған.»

 Білім шыңын бағындырып жүрген оқушылар қатары Мейірланмен ғана шектелмейді. Күні кеше АҚШ-тың Техас штатында өткен пәндік олимпиадада шымкенттік 6 оқушы топ жарып, елге жүлдемен оралды. Соның бірі физика-астрономия пәнінен қола медаль еншілеп, ел айбынын асқақтатқан - Жәдігер Мелдехан.

ЖӘДІГЕР МЕЛДЕХАН, ОҚУШЫ – «Астроноимяда қиындықтар болды. Өйткені ол жерде көбіне-көқп теория. Теторияны жаттау қиын болды.»\

Білім сарапшыларының айтуынша, соңғы жылдары білім бәйгелеріне құмартып, мардымды нәтиже көрсетіп жүрген оқушылар көбейген. Кез-келген пәнді оңай игеріп, домалата әкететін қазақстандық оқушылар көбіне-көп жаратылыстану саласына бейім.