Түркістан облысында  «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты жүргізілуде. Бекітілген кесте бойынша облыс көлемінде жалпы 800-ден аса ауқымды сенбілік өткізілген. Оған 299 мыңнан астам тұрғын атсалысып, 1500-ден аса техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 1 миллионнан аса ағаш отырғызылып, 3 мың тонна қоқыс шығарылды.
Өңір басшысы  тазалық, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды тапсырып, бұл бағыттағы жұмыстарды тиісті деңгейде ұйымдастыру керектігін айтты. Сонымен қоса елді мекендерде тазалықты сақтау, экологиялық сауаттылықты көтеру, түсіндіру жұмыстары жалғаса беретінін жеткізді.
 НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
- Халық пен әкім арасындағы байланыстың қаншалықты тығыз екенін егілген ағаштардан байқауға болады.Бұл мемлекет басшысының халыққа деген тікелей тапсырылған жұмысы болып табылады.
 Жиында облыс әкімінің бірінша орынбасары Зұлпыхар Жолдасов эко-акциясы аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасы тұрақты қадағалауда тұр.
ЗҰЛПЫХАР ЖОЛДАСОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
-  Бүгінгі таңда осы бағдарламаның өңірдегі  «Телеграмм бот» платформасына  859 өтініш пен хат түскен. Оның ішінде, 852 өтініш орындалған. 7 өтінім мағынасыз болғандықтан қайтарылған.
Елімізде экологиялық мәселелердің шешімін табу үшін «Таза Қазақстан» секілді жобалардың маңызы өте зор. Бұл жоба қоршаған ортаның тазалығын сақтап қана қоймай, халықтың экологиялық жауапкершілігін нығайтуға және қорғауға бағытталған. Сондай-ақ халықтың экологиялық тұрғыдан дамуы еліміз үшін маңызды қадам болып табылады.