Қазақстандықтардың қолжетімді әрі экологиялық таза тұрғын үй алу мүмкіндігін арттыру - басты мақсат. “Отбасы банк” пен “Пионер Групп” серіктестігі өзара келісімге қол қойып, тиімді қаржыландыру бағдарламасын біріктіретін жаңа қадам жасады. “Жасыл несие” бағдарламасы аясында экологиялық таза материалдардан салынған тұрғын үйлерге жеңілдетілген несие беріледі. Ал “Өз үйім” бағдарламасы әрбір отбасыны қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді көздейді.
 Pioneer city тұрғын үй кешені – әрқайсы 9 қабаттан 23 үйден тұрады. Күзеті бар, автономды жылу жүйесімен жабдықталған. Аулаға арбат салынып, жасыл аймаққа айналады. Кәсіпкерлер тұрғын үйдегі пәтерлер сапасы бағасына сай болады деп сендіріп отыр.
ШЫҢҒЫС ӘБДИЕВ, PIONEER GROUP ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ          
«Сапаға ақысы тұратын болады. Стандарт бойынша біз биіктігі 2.85. Бұл енді өте биік бөлмелер болады, жарық әрі кең болады»
 «Отбасы банк» Шымкент қаласында бірнеше тұрғын үй кешендерімен келісімге отырып, тұрғындарға қол жетімді баспана алуға мүмкіндік туғызып отыр. Қазіргі таңда «Қамқор», «Жасыл ипотека», «Ұмай», «Наурыз» секілді бағдарламаларға салымшылар үміткер боп, үй ала алады.
 ЕРКІН АҚЫНШАЕВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ ШҚФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ                                        
«Пионер сити тұрғын үй кешені бойынша Отбасы банкімен ынтымақтастық келісім-шарт жасап отырмыз. Бұл кешен Қазақстан Тұрғын үй кепілін алғаны бойынша, үй салыну барысында банктің ішкі бағдарламасы арқылы үй алуға мүмкіншілік бар»
Айта кетейік, Отбасы банкінде ақша жинауға дайын болсаңыз, Қазақстандағы ең төменгі мөлшерлемемен қарыз ала аласыз. Баспана құнының 50%-ы қолыңызда болса, бірден заем беріледі.