Шымкенттегі Cambridge Iine мектебінің шәкірттері ерледі. 10-11 сынып оқушылары АҚШ-та өткен халықаралық пәндік олимпиадада топ жарып, елдің намысын асқақтатты. Үш тілді жетік меңгергеннің арқасында әлемді мойындатып келген жас чемпиондарды ұстаздары мен ата-аналары әуежайда зор құрметпен қарсы алды.
Бұл құрметтің бәрі АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен олимпиададан оралған Cambridge Iine мектебінің оқушыларына арналады. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы,-дегендей, жастар терең білімнің арқасында Copernicus олимпиадасын бағындырып отыр. Жеңімпаздар бұл жеңісін мектепте алған білімнің жемісі,-деп біледі.
Қаңтардың 5-10 аралығында Америкада өткен байқауға әлемнің әр түкпірінен 1000-ға тарта бала қатысқан. Қазақстандық 10-нан аса оқушының алтауы шымкенттік. Бір мектептен барған 5 баланың бәрі медаль алып келуі – білім ошағындағы сапалы білімнің айғағы..
Айтып өтейік, Cambridge Iine мектебінің оқушылары үш тілде еркін сөйлейді. Бәсекеге қабілетті балалар физика-астраномияның қыр-сырын жетік меңгенген. Логикалық есептерді еркін шешіп, химия-биологиядан да талай жетістікке жеткен. Кезекті сайыста топ жаруға сол ұстаздар үйреткен амалдар көп көмек берген.
Cambridge Iine мектебі 2019 жылдан бері шымкенттік оқушыларды сапалы біліммен қамтып отыр. Алғашында 200-дей баламен ашылған білім ұясында қазір 400-ден аса бала бар. Өткен жылы мектептен түлеп ұшқан 32 түлек шет мемлекеттерде білім алуда. Бұл жетістіктер мектепте жаратылыстану пәндерінің ағылшын тілінде өткізіліп, үш тілді меңгеруге ден қоюдың нәтижесі.