«Шымкент-Цирк» жыртқыш жануарларды зообаққа өткізіп, аңдарсыз қойылымды бастады. Қазір қоғам осы үрдіске жаңаша көзқараспен қарайды, бұл тәсіл экологиялық және этикалық талаптарға сәйкес қолға алынып отыр. Дегенмен, ат пен пони әлі де дәстүрлі элементтерді сақтап, цирк өз көрерменін қуантып жатыр. Ал жаңа жылдық қойылымда акробаттар мен клонудар көпке қуаныш сыйлады.

 Бұл жолы цирк акробаттар мен басқа да өнерпаздар шеберлігін көрсететін тың форматты таңдаған. Сахнада жануарларсыз қойылым ұсынылып, жонглерлер мен гимнасттар, клоундар мен тың таланттардың шеберлігіне басымдық беріледі. Цирк өнерінің жанкүйерлері үшін бұл жаңалық қойылым көруге еш кедергі емес.

 Цирк жануарлардан толық бас тартқан жоқ. Дәстүрлі элементтерді сақтап қалды. Ат пен пони сынды жануарлар көріністің бір бөлшегі ретінде қолданылып жатыр. Олар цирк өнеріндегі символикалық рөлін жалғастырып, қойылымдарға ұлттық және мәдени реңк қосады.

НҰРЛАН ӘДІЛХАНОВ, «ШЫМКЕНТ ЦИРК» МКҚК ДИРЕКТОРЫ   
«Эктрим дейді, шынайы көрсетіп жатқан өздерінің өнерлері. Одан қала берсе әуе гимнасттары, шетте Ержик деген клоунымыз, сайқымазағымыз бар. Наурызда енді дәстүрге сай, джигитовка дейміз, атпен қойылым болады. Дәстүрге көбірек көңіл бөлеміз»

 Цирк ұсынған жаңа жылдық қойылым көрермен көңілінен шықты. Жаңа форматтағы көріністе заманауи музыка, жарық шоуы және креативті сюжеттер назарға алынған. Әсіресе, балалар мен ата-ана түрлі трюк көрсеткен әртістердің жоғары деңгейдегі шеберлігін ерекше бағалады.