Синоптиктердің болжамы бойынша биылғы көктем жауын-шашынды болады. Осыған орай қала аумағындағы өзен арналары мен ирригациялық жүйелер тазартылып, су тасқынының алдын алу  жұмыстары күшейтілген. Өткен жылы жағасы бекітілген «Бадам» өзенінен төнетін қауіп жоқ, дейді мамандар. Ауқымды жобаға 5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 9 шақырымнан астам өзен бойы бетондалған болатын.  
Жұлдызай Орынбекованың үйі өзен жағасында. Көктемгі тасқын жағалауды шайып, арнаны тіпті жақындатып жіберген. Көпір жөнделіп, өзен сағасы бетондалғалы ұйқымыз тыныш болатын болды, дейді көп балалы ана. Арғы беттегі шаруашылықтарына да еш кедергісіз қатынап жүр екен.
ЖҰЛДЫЗАЙ ОРЫНБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
«Су көп келеді бізге апрель айында сол кезде бері қарай жылжып жылжып қораға қарай жақындап қалды. Балдар шомылатын мусор көп болатын. Басты мәселе сол Бадам ауылға қарай жақындаған соң үрей көп болатын. Көпірді алмастырды шеттерін бетондап берді. Сол енді қазір жақсы».
 Бастауын Қаражантау жотасынан алатын Бадам өзенінің 40 шақырымнан астамы қала аумағынан өтеді. Көктемде ернеуінен тасып, арқырай ағатын өзеннің 9 шақырымнан астам аумағы бетондалды. Нәтижесінде Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Маятас, Жыланбұзған, Тоғыс елдімекендеріндегі тұрғын үйлерді су шаю қаупі сейілді.
 МҰРАТ ӘБДІРАХМАНОВ, ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 «Укрепление жасалған кезде артынан келетін сулар бар. Ол шаруалардан жаңбыр кезінде ағып келеді. Ол біздегі Еңбекші және Абай ауданындағы жерлерде суағарлар жасап берді. Ол бірншіден халыққа су жиналмау мәселесі болады және де мына дамбалардың арттарына су өтіп дамба бұзылмау үшін өз есептерінен суағарлар жасап берді. Нығайту жұмыстары қазіргі таңда біздегі ең қалаға маңызды су тасқынан қарсы жерлердің барлығы қазір 100 пайыз бітті деп айта аламын».  
ГҮЛНАРА АСҚАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ
«Бадам өзенінің бойындағы аса қауіпті деген 6 нүктеде бетондау жұмыстары жүргізіліп, көктемгі су тасқынына толықтай дайын тұр. Дегенмен, тұрғындар әлі де қауіпті жерлердің барын айтады. Мамандар оған зерделеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді».