Қандай асаба жалдаймыз? Той жасайтын әулеттің алғашқы мәселесі мерекелік жиын жүргізушісін таңдау. Қалтасы көтеретіндер елге атағы шыққан танымал шоумендердің қызметіне жүгінсе, көрпесіне қарай көсілетіндер азын аулық ақша сұрайтын асабаны жалдап жатады. Десе де мағынасыз әңгіме айтып, арзан күлкіні жалау ететіндері әлі де бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тойды шоуға айналдырып, әдепсіздікке жол беретін асабаларды сынға алды. Ақмешітте өткен жиыннан тілшіміз сөз саптайды.
Елімізде қалтасын қағып, несиеге батып той жасайтындар аз емес. Қуаныш егелері ысырапшылдыққа жол беріп, ащы судың неше атасын қояды дастарханға. Қарапайым отбасылық жиынды шоуға айналдыратын асаба жалдайды. Тойы өзгеден ерекше өткенді қалайды әрине.  Кісенін шешіп ерік берген тұлпардай  тамадалар тойда би билетеді, тойхананың ортасында қонақтарды еденге аунатып ойын ойнайды.  Артық қыламын деп ақырынды тыртық қылып жатады.  
Ал той ұйымдастыру орталығының жетекшісі Берік Жорабеков асабалардың  той басқару мәдениеті жөніндегі әңгімені мешіт қабырғасынан бастау керек дегенді айтады.
БЕРІК ЖОРАБЕКОВ, ТОЙ ҰЙЫМДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  
 Біздің Шымкент қаламызда қанша тойхана бар білесіздер ме? 836 тойхана бар. 836 тойзананың сезонында біреуі босамайды. Ал ол жерде кім басқарып жатыр? Әр-бір тойхана бұл мәдениет ошағы деп түсінуіміз керек. Тойда дұрыс ұйымдастыра білу бірінші той иесі екінші асабаға байланысты деп айттым. Енді ислами тойдың артықшылығын халыққа түсіндіруіміз керек. Ислами тойдың артықшылығы ысырапсыз әрі қарапайым болуы керек. Рухани және ұлттық құндылыққа толы той болады. Әр-бір қонаққа шынайы қуаныш силайтын осы біздің ислами тойдың ерекшелігі.  
 Ал Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы болса  әдеп пен салт-дәстүр, мәдени құндылық дәріптелуі керек дегенді алға тартады. Орталық Ақмешітке жиналған имамдар мен  асабалар тойдағы әдеп пен ысырапшылдық жайын талқыға салды.
СМАЙЫЛ СЕЙТБЕКОВ, ҚМДБ БАС МҮФТИ КЕҢЕСШІСІ
Ортаға шығарып оларды әдепсіз қылықтарға итермелеуі, оларды неше түрлі немесе басқада бір іс-әрекеттерге итермелеуі ол да асбаның жауапкершілігіне қалатын дүние болғандықтан біз тек қана біреуді ғана кіналап қоймай осы жерде дін қызметкерлері осы той саласында жүрген әр-бәр азаматтыңда мән теру керек болған мәселе екендігін айтқымыз келеді. Бізге қоғам ортақ, дін ортақ ұлтымыз ортақ. Демек ортақтардың мүддесі үшін барлығымыз бас қосып қызмет жасауымыз керек болады.  
Қазақ мәдениетіндегі той халықты біріктіретін, ұлттық салтты насихаттайтын, күш пен өнер сайыстыратын мереке ретінде қаралған.