Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму апталығының» ашылу салтанатына және орнықты даму саласындағы арнайы сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты. Саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді. «Абу Дабидің орнықты даму апталығы»  – орнықты даму және климат өзгерісіне қарсы күрес мәселелеріне арналған жетекші жаһандық алаңдардың бірі. Жиын жасыл технология мен энергияның қайта жаңартылатын көздеріне инвестиция салуды ынталандыруға бағытталған.