БҰҰ-ның дерегі бойынша Қазақстан цифрландыру саласында ілгері жетістіктерді көрсетіп отыр. Еліміз онлайн қызметтер көрсету индексі бойынша  көшбасшы 10 елдің қатарына кіреді.
Қорытындыға сәйкес, интернет арқылы қызмет көрсететін елдер көшбасында Оңтүстік Корея келеді. Ал Африка құрлығының шығысында орналасқан Эритрея мемлекеті тізімнің ең соңына жайғасқан. Қазақстан алғашқы ондықты түйіндеп, 10-шы орынға ие болды және өзінің технологиялық жетістіктерімен Жапония елінен сәл-ақ артта қалып тұр. ТМД және Орталық Азия елдері арасында  Армения 53-ші орында болса, Ресей 56-шы, Өзбекстан 59-шы, Қырғызстан 89-шы орында. Ал Түркіменстан 172-ші қатарға тұрақтады. Айта кетейік, Қазақстанда интернет арқылы мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу 92%-ға жетті. 2024 жылы QR-кодтардың көмегімен 8 млн-нан астам қол қойылып, Digital ID жүйесі арқылы 18 млн-нан астам сәйкестендіру жүргізілген.