Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған бір топ депутат, Жезқазған және Сәтбаев қалаларының тұрғындарымен кездесіп, экология және ауыз су түйткілін талқылады.

Мұнда көмір сапасы мен жылу электр станциясындағы фильтрлер нашар жұмыс сітейді. Сондықтан депутаттар облыс әкімдігі мен «Қазақмыс» компаниясының өкілдеріне шұғыл кешенді шаралар қабылдау туралы талап қойды. Енді жауаптылар келесі жылыту маусымына дейін Сәтбаев жылу станциясының тазарту жүйелерін жаңартуға міндетті. Сондай-ақ, «Инженерлік инфрақұрылымның жағдайы Президенттің ұдайы бақылауында» деді Мәжіліс спикері. Ерлан Қошанов Жезқазғанды ауыз сумен қамтамасыз ету әлі күнге дейін ең өзекті мәселе екенін де атап өтті. Осы тұрғыда жер асты су көздерін пайдаланып, екі су құбыры – Есқұла және Үйтас-Айдос су жүйелері есебінен мәселені шешу жоспарланған, жобалық құжаттар әзірленіп, бастапқы қаржы бөлінген.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ   
Сәтбаевтағы жағдай бойынша Мемлекет басшысы тапсырма берген.  Сондықтан кешенді үлкен тексеріс жұмысын жүргізу керек. Сол тексерістің нәтижесінде тиісті шара қабылдау қажет. Осы 2-3 жылдан бері экология жағдай мүлдем күрделеніп кетті бұл жерде. «Қара қар» деген адамдардың жұтып жатқан ауасымен ағзаға барады. Мұны қарау керек. Ал ең негізгі мәселе, газға көшу. Сол газ келсе, біраз мәселеден арыламыз. Мұның барлығы депутаттардың, біздің бақылауымызда болады.