ҚР Вице-премьері Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Президенттің Жолдауында жарияланған әлеуметтік бастамалардың орындалу жолдарын зерделеді. Жайлы мектептердің жағдайымен танысты. Жауапты мамандарға тапсырма жүктеді.


Облыста 5 мектеп үш ауысымда жұмыс істейді. Бұл мәселені «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы шешу жоспарланып отыр. Жаңа мектептің құрылысы «Жаңа қала» шағынауданында жүргізіліп жатыр. 2000 орындық нысан қазан айында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Тамара Дүйсенова білім нысанын аралап, оқушыларға жасалатын жағдайлармен танысты.
 

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА  - ҚР ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІ
- ТО бойынша 282 мектеп қазір мақсатты мектептердің қатарына кіріп отыр.Бүгінгі таңда ең методикалық әдістемені тілап ететін мектептер. Негізгі мәселе сабақ беріп жатқан мұғалімдердің кәсіби деңгейін көтееру. Бүгінгі жиналыста осы мектеп басшыларын шақырдық. Қандай тап қойып жатқанымызды айттық. Яғни біздеросы мектептегі мұғаллімдері үш деңгейлі сатыда оқытып жатырмыз.


Вице-премьер сонымен қатар облыс орталығындағы №28 мектепке де барып, орта білім беру саласындағы цифрландыру жұмысымен танысты. Мысалы, «Алақан» жүйесі оқушыларға биометриялық бақылау арқылы ғимаратқа кіруге, асхана мен кітапхананы пайдалануға мүмкіндік береді. Ол балалардың жеке деректерінің қорғалуына да назар аударды.

 Сапар аясында облыста білім сапасын арттыру мәселелері бойынша кеңес өтті. Президент өз Жолдауында техникалық және кәсіби білім беру саласын трансформациялау міндетін қойды. Кеңесте осы бағытта қабылданатын шаралар туралы да айтылды.