ҰҚК Шекара қызметі оқуға шақырады. 11 сынып оқушылары ҰБТ-ден шектік балл жинаса жеткілікті. Мамандар оңтүстің өңірдің түлектерін физикалық, психологиялық тестілеуден өтуге шақырады. Тегін білім алу үшін құжат қабылдау ісі қарқын алды.


ҰҚК Шекара қызметінде еңбек ету — екінің біріне бұйыра бермейтін бақ. Осы мүмкіндікті мүлт жібергісі келмейтін түлектер үшін ұтымды сәт туып отыр. Тек белсенділік сынақтарынан сүрінбей өтсеңіз жеткілікті.


ОЛЖАС ӘБДІРАЙЫМОВ, ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНЫ
---Алдын ала құжаттар тізімін береміз. Сол тізім бойынша құжаттарын жинап, кадр бөліміне алып келеді. Одан кейін бағыт береді. Арнайы дайындықтан өтеді. Өзіміздің ҰҚК емханасынан өтіп, белгілі нормативтерді тапсырады.


Қазір Алматыдағы академияға қабылдау басталған. Мамандық деңгейіне қарай Мәскеуде және Туркия мемлекетінде әскери медицина мамандығы бойынша білім алуға да мүмкіндік бар. Оқу ақысы, жатын орын мен ыстық тамақ оқуға қажетті құралдар мемлекет тарапынан беріледі. Тіпті әскери киім-кешекке де қарастырылған.


АСАН ЖҮНІСОВ, ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНЫ
---Шалғай демей, барлық жас үміткерлерді шақырамыз. Қолдан келгенше кеңестерімізді береміз. Мемлекеттік мүмкіндік бұл.



Шекара шебін күзетіп, елге адал қызмет ету — азаматтардың борышы. Ендеше елдің тыныштығын сақтап, ұлттық қауіпсіздік саласында еңбек етуге асығыңыз, жас түлек. Құжаттар Шымкент қаласы Елшібек батыр 114/1 үйдегі мекен жайда қабылданады.