Арзан, сапалы азық-түлік тауарын іздегендер үшін таптырмас мүмкіндік. Шымкентте ALI MART көтерме сауда дүкені ашылды. Нұрсәт шағынауданында орналасқан кәсіпкерлік нысан 1 шаршы метр аумақты құрайды. 6 мыңға жуық тауар ассортименті бар. Дүкеннің алғашқы тұтынушыларының таңданысын тілшіміз жеткізсін.


«ALI MART» нұрсаттықтар үшін ең қолайлы дүкен болып тұр. Нарықтағы төмен бағаны ұсынып отырған дүкен өз тұтынушылары үшін мол мүмкіндік мекеніне айналғандай.


 Жаңа дүкенде 40-тан аса жұмысшы екі қолға бір күрек тапқан. Ұлттық киімде қызмет көрсететін сауда кеңесшілері арнайы дайындық дәрісінен өткен мамандар. Дүкеннің ашылу кешінде Жайдарманшылар тұтынушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, әсем ән шырқады.


 «ALI MART» Шарадара қаласында осыдан 20 жыл бұрын Алинұр дүкені ретінде танылған. Шағалалы мекенде арзан тауарымен тұтынушыларын риза қылғандар енді шымкенттіктерді қуанышқа бөлеп отыр.


 Қаратау ауданына қарасты кәсіпкерлік нысанның ашылуына аудан әкімі арнайы қатысты. Шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау білдіріп, елде қолға алынған жобалармен таныстырды.
 
 Дүкен Нұрсат мөлтекауданы, Астана көшесі, 75 үйде орналасқан. Нарықтағы бағаны құлдыратып, халықтың әлеуметтік жағдайын бағамдаған кәсіпкер осы жерден кондитерлік өнім шығаруды көздеп отыр. Жаңа дүкеннен сауда жасауға асығыңыз!