Шымкенттік дәрігерлер №1 қалалық клиникалық ауруханаға түскен 60 жастағы ер кісі өлімнен арашалап қалды. Ақ халаттылардың айтуынша ота жасау кеінде науқастың жүрегі екі рет тоқтап қалған.


 Ер азамат №1 қалалық клиникалық ауруханаға 18- тамызда таңғы 04.00 де жеткізілген. Жағдайының ауырлығына байланысты оны дәрігерлер реанимациялық залға кіргізіп, шұғыл көмек көрсеткен. Сол кезде пульс анықталмай, есінен танып, жүрек соғысы болмаған. Дәрігерлер науқасты аман алып қалу үшін барлық жағдайды қолданды. Нәтижесінде жүрек соғысы қалыпқа келіп жедел түрде ота жасалды. Пациент алған клиникалық өлім және отасына қарамай тез айықты. Бір айға жуық медицина қызметкерлерінің бақылауында болған науқас сауығып, ауруханадан үйіне шықты.


ДӘУРЕН ҚАБЫЛОВ - №1 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ-1 БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
---Түскен кезде жағдайы өте ауыр. Қан қысымы нөл. Жүрек соғысы жоқ.Клиникалық өлім жағдайда. Жедел қабылдау бөлімі реним залға қабылдап алып,  Реанимациялық шаралар қолданып, науқасты жедел операциялық блокқа ренимациялық залдың жанында қабылдау бөлімінің қасында. Отаға көтеріп жедел ота жасадық. Ота кезде науқас өте көп қан жоғалтқан. Төрт литрдей.