Өрт қауіпсіздігі айлығы жарияланды. Осы орайда төтеншеліктер «Оттан және улы газдан сақ бол!» тақырыбында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүр. Еңбекші ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аз қамтылған отбасы үйлерінің мұржасын тазалап, газосигнализатор орнатты.
 

Іс-шараны Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы аудан әкімшілік аппараты және полиция департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырды. Олар көксайлық тұрғындарға «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «Таза түтін» акциясы аясында тұрғын үйлерге дабылқақыш қондырғысын орнатып, көмір жағатын үйлердің мұржасын тазалап берді.


БІЛІМЖАН БОТАШЕВА – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
 Бізде көшемізде отын көмірмен от жағатын үйлердің мұржадларын тазалау жұмыстары жүргізілді. Барлығы жақсы өтті. Осындай іс-шара болып тұру керек халықтың арасында.


Еңбекші ауданында қысқы жылыту маусымына дайындық жұмысы қарқын алған. Ауданда 283 көпқабатты, 37 мың  жеке тұрғын үй бар. Қазіргі таңда 1212 баспана көмір отынын пайдаланады.


АҚМЫРЗА БАБАШ - ЕҢБЕШІ АУДАНЫ ТЖБ АҒА ИНЖИНЕРІ- АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ КАПИТАНЫ
Көп балалы ата-аналар бар. Солардың үйіне басқарма тарапынан өзіміздің тараптан сигнализация қондырғысы бар. Угар болған кезде олар міндетті түрде сигнал беретін болады.  Бізде мұржаны тазалайтын құрылғылар бар. соларменміндетті түрде газ немесе көмір қолданатындарға мұржа толып қалады ғой білесіздер. Өздеріңіздің қатысуларыңызбен міндетті трде тазалайтын боламыз.


Өрт қауіпсіздігі айлығы тамыз айының 15-нен бері жалғасып жатыр.