Нашақорлық – қоғам дерті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынының дерегінше, психотропттық заттар 35 миллион адамды құрығына түсірген. Елдегі статистика да мәз емес. 20 мыңға жуық азамат ресми тіркеуге алынған. Ал бейресми дерек бұдан да көп болуы мүмкін. Қоғам дертімен қалай күресеміз? Түркістанда осы және өзге де сұрақтардың жауабын іздеген арнайы форум өтті. «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» атты тақырыппен ұйымдастырылған іс-шараны тілшіміз айтып берсін.

 Ауқымды шараға атқарушы органдардың 1000-нан аса өкілі қатысты. Сондай-ақ ІІМ-нің орынбасары Айдар Сайтбеков те арнайы келіп, баяндама жасады. Атйуынша, психотроптық заттар айналымын тыйып, жолын кесу мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуда. Нәтиже де жоқ емес. Бірақ мәселенің түйіні полицейлердің ғана қолында емес - деген Вице министр, кеселге ел болып қарсы тұруға  шақырды.

АЙДАР САЙТБЕКОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 – «Есірткіге қарсы күрес бұл тек заңға сүйенген жұмыс емес. Бл біздің ортақ міндетіміз. Әрқайсыларыңыздың үлестеріңіз маңызды. Сіздермен бірге біз бұл қауіпке төтеп беріп, еліміздің болашағын жарқын етеміз».

 Баяндамашылар салауатты өмір салтын ұстанып, жаманнан жиренуге шақырды. Есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытындағы  пікірлерімен бөлісті. Шараға арнайы қатысқан облыс әкімі, есіріп есірті қолданатындар мен оны тарататындар мәселесі күн тәртібінде екенін жеткізіп, атқарылған жұмыстарға шолу жасады.

 ДАРХАН САТЫБАЛДЫ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
– «Облыс аумағындағы барлық білім беру ұйымдарында «біз нашақорлыққа қарсымыз», «жастар спортпен бірге», «салауатты өмір салтын ұстанамыз», «Есірткіге жол жоқ!» ұранен арнайы шаралар тұрақты түрде өтуде.  Қазіргі таңда психотрптық заттармен күрес қарқынды жүргізілуде».

Нашақорлықпен күресудің бірден-бір жолы: есірткі салдарын жастар санасына сіңіріп, аулақ болуға шақыру. Осылай деген облыстың бас прокуроры – психотроптың заттардың адам ағзасына тигізер залалына тоқталып, қылмыстық жауапкершілігін жіті түсіндірді.