Денсаулық сақтау саласын жүйелендіріп, даму жоспарын айқындау қажет. Осылай деген мемлекет басшысы халыққа Жолдауында денсаулық сақтау саласына бірқатар өзгеріс қажетін айтып, міндеттер жүктеді. Осыған сәйкес жыл соңына дейін міндетті медициналық сақтандыру қорын цифрландыру жоспарланып отыр. Жұмыс барысын қадағалау мақсатында Премьер-Министр орынбасары Тамара Дүйсенова Қазығұрт ауданына арнайы іс-сапарымен барды.  Аудан аурыуханаларын аралап, қызмет сапасын бақылады.        
 
Президент тапсырмасына сәйкес елімізде «Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асуда. Нәтижесінде Түркістан облысында 49 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандары бой көтермек. Құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Сапар аясында вице-премьер Қазығұрт ауданындағы Махамбет елді мекенінде болып, дәрігерлік амбулаторияны аралады.
 Вице-премьер төрағалығымен өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша кеңес өтті.  Медициналық ұйымдар тиімділігін арттыру, міндетті сақтандыру жүйесінен шет қалғандармен белсенді жұмыс жүргізу жайы талқыланды.  
   Айта кетейік, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысушылар Айнатас ауылында бас қосып, жәрмеңке ұйымдастырды. Мұнда ауыл тұрғындары өз өнімдерін көрмеге шығарып, вице-премьерге таныстырды.