V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында теңге ілуден "Жеті құт" стилі бойынша алтын медаль алған Бақыт Төлтайды ауылдастары сән-салтанатпен қарсы алды.


Қарсылас шақ келтірмей, Көшпенділер ойындарында алтын медаль жеңіп алған Бақыт Төлтай – Түркістан облысы Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылының тумасы. Дүбірлі додадан жеңіспен оралған спортшыны жерлестері Шымкент әуежайынан сән-салтанатпен күтіп алды. Оны қарсы алуға туған-туыстары, ақсақалдар, кәсіпкерлер мен ауыл жастары келді.