«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» атты экологиялық іс-шара өтті. Еріктілер мен студенттер Қызылорда тас жолы бойындағы Қарашық өзенінің айналасын тазалап, күл-қоқыстан аршыды.


Экологиялық акцияға 500-ден аса студент пен жас депутаттар қатысып, қоршаған ортаға қамқорлық жасады. Бастама жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, тазалық пен тәртіпке баулиды. Сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, достық қарым-қатынасты күшейтеді, - дейді ұйымдастырушылар.


Акцияға 2 жоғары, 7 арнаулы оқу орыннан 700-ге жуық студент қатысып, белсенділік танытты. Соның бірі «Түркістан-Болашақ» жоғары көпсалалы коледжінің студенті - Аружан Жарылқасын. Табиғатты қорғап, оған жанашырлық танытуды азаматтық борышына балайтын өрен: «аталған акция туған жерге деген сүйіспеншілік сезімін арттырады» дейді. Сондықтан да ол осы сынды сенбіліктерге жиі қатысады.


Сенбілікте белсенділер шөптерді шауып, Қарашық өзенінің айналасын күл-қоқыстан тазартты.