1 мамырдан бастап жедел жәрдем қызметі мен мобильдік бригадалар жұмысын бөліп атқарады.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, түнгі уақытта (20:00-ден 08:00-ге дейін) барлық қоңырауларға тек жедел жәрдем қызметі жауап береді. Ал күндізгі уақытта (08:00-ден 20:00-ге дейін) 4 санатқа жататын шақыртуларға (созылмалы аурулар, дене қызуы көтерілгендер, жүкті әйелдер, жас босанған аналар) емханалар қызмет көрсетеді. Елде 600 мобильдік бригада іске қосылды, тағы 200 бригада аутсорсинг негізінде жұмыс істейді. Бұрынғы 35 мың тұрғынға 1 бригада қағидасы 25 мың тұрғынға дейін азайтылды. Жаңа тәртіп жедел жәрдемнің жүктемесін азайтып, қызмет сапасын арттыруды көздейді.