Дін дәстүрден алшақтамауы керек. Ислам ілімі ұлттық әдет-ғұрыппен ұштасса ғана мемлекет тұғырлы болмақ. Осы ретте дін өкілдерінің дұрыс ойлап, орынды сөйлеуі де маңызды. Көпшілікті ұйытатын имамдар мен теологтардың біліктілігі біртұтас қоғамды қалыптастыруға ықпал етпек. Осы мақсатта сала мамандары мен қызметкерлерін арнайы оқыту курсы өтті.


Жат ағымдардың жетегінде жүрген жандар аз емес. Ойы уланғандар дәстүрді қарам санап, салтқа салқын қарайды. Бұл көпұлтты мемлекеттің іргесін сөгіп, тұтас ұлттың да ішіне іріткі салады. Дін істері басқармасының басшысы Бақтияр Өнербаев осы өзекті мәселені сөз етті.


БАҚТИЯР ӨНЕРБАЕВ, ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 Өкінішке орай жат ағымдардың етегінде кетіп қалған азаматтар бар,жастар бар. Кейбір жастар өздері сотталып кеткендер де бар. Олар деген сайттарда, әлеуметтік желілерде арабша жазылған мәтіндерді бөлісіп, мағынасын түсінбей жихатқа шақырған


Бұл жобаның мақсаты – қоғамдық саяси өмірде имамдардың теологтардың, сала мамандары мен қызметкерлерінің ролін арттыру; Көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін жетілдіріп, шешендік қабілеттін күшейту. Ойы дұрыс, сөзі орынды имамның жамағаты да көп болмақ.


ӘСЕЛХАН МАҒАУИЯ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ШҚФ ДИРЕКТОРЫ

Семинардың жалпы мақсаты өңіріміздегі саяси қоғамдық өмірдегі теологтармен имамдардың рөлін арттыру болып табылады. Семинар жалпы 24 академиялық сағаттан тұрады.


 Оқыту курста кәсіби құзыреттіліктер мен практикалық дағдыларды дамыту бойынша сабақтар өтті. Онда «Зайырлы Қазақстандағы діни ахуал», « Кәсіби комуникация», « Эмоцианалдық интелект» тақырыбтары қозғалды.