Шымкентте көзі тірі екі соғыс ардагері бар. Бірі - Мұраталы Толепбергенұлы болса, екіншісі - Нина Мосунова. Сұрапыл соғыстың күәгерлерін қалалық мәслихат депутаттары арнайы құтықтады.
Мұраталы қария 1925 жылы 20 мамырда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында дүниеге келген.1943 жылы соғысқа аттанып, Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк, Биттенберг, Перлеберг қалаларының шайқасына қатысқан. Германияның Биттенберг қаласында жауынгерлік жолы жеңіспен аяқталған соң елге 1950 жылы оралған.
МҰРАТАЛЫ ТОЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ, СОҒЫС АРДАГЕРІ
Бірде огневой позицияда болдым. Кейде командный пункте болып Соғысқа 1943 жылы араластым. Брест маңында болдым. Одан кейін Варшава қаласын 1945 жылы январда босаттық. Польшаның портовой қаласында болдық.
Соғыс ардагері көңілін аулап арнайы келген депутаттарға алғысын білдірді. Қалада атқарылып жатқан шаруаларға оң бағасын беріп, азаматтардың ісіне береке тіледі. Ал мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов балалық шағын колхозға, жастығын соғысқа сарп еткен ақсақалға қанша құрмет болса да көптік етпейтінін жеткізді.
БАХАДЫР НАРЫМБЕТОВ, МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ
Бұлардың ерлігіне тағзым нету керекпіз бәріміз. Осы ұрпақ қиыншылықтың бәрін көрді. Колективизация, ашаршылық, соғыс көрді. Қуғын сүргіннің бәрін көрді. Сондықтан аталардың ерлігіне тағзым ету керекпіз.
Халық қалаулылары Төреайм Сұлтанова, Альбина Елшиева, Әлия Юсупова соғыс ардагері Нина Мосунованы құтықтады. Төсек тартып жатқан кейуана қыздарын көріп, басын көтеріп жадырап қалды. Гүл шоқтарын қабыл алып мәз-мейрам болды.
ТӨРЕАЙМ СҰЛТАНОВА, МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
Бір топ қыз келіншектер келіп осы өзіміздін апайымызды жылдағы традитса бойынша құттықтап келіп жатырмыз бұл кісінің 101 жасқа келгені бір ғасырдан өткені деп ойлайм.Біз улкен рахмет айтамыз еліміздін осындай тыныш заманда болуы жастарымыздын бақыты өмір сұруі улкен үлесін қосқан ұлы отан осындай керемет енбегін сінірген ардагерлерң санаулы ғана қалды бүгінгі танда.
101 жасар Нина Мосунова 1943 жылы Можайск маңындағы соғысқа пулеметші ретінде жолданған. 36 әскери бөлімнің «Зенит» бригадасында қызмет етіп, радистер бөлімінің командирі болған. 1945 жылы Башкирияның Октябрьск қаласына аударып, 1946 жылға дейін кассир жұмысын істеген. 1948 жылы Қазақстан Республикасының Шымкент қаласына көшіп келген.