Мерекеге орай дәстүрлі жүгіру марафоны да өтті. Таңғы сағат 08:00-де басталған марафон А.Асқаров атындағы дендросаябақтан басталды. Спорттық шараға 500-ге жуық қала тұрғыны, этномәдени бірлестік төрағалары мен Ассамблея жастары, сондай-ақ спортсүйер азаматтар мен белсенді жастар қатысты.
Таңмен таласа оянып жүгіруге келген қарапайым жұрттың арасында кәсіби спортшылар да бар. Олар бірлік күніне орай ұйымдастырылған жаппай жүгіруде қатысушыларға қолдау білдіріп, өздері де білек сыбана жүгіруге кірісіпті. 10 жылдан аса жеңіл атлетикамен айналысатын Давранбек Дайназаров 5 шақырымды бағындырып, межеге алғашқы болып жетті.
ДАВРАНБЕК ДАЙНАЗАРОВ, ЖҮГІРУ МАРАФОНЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫСЫ
Өте жеңіл өтті десем де болады. Ауа райы да шикарный, салқын. Алдымыздан да сопровождение жүрді. Қарсыластар болмады, өзім лидер боп шықтым.
Ел көлемінде бір мезгілде өткізілген марафон барлық аймақтағы халықты ортақ мүдде төңірегінде біріктірді. 1500-ден астам адам тіркеліп, орталық саябақтар мен арнайы белгіленген көшелер бойымен бірге жүгіріп өтті. Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Маратбек Мықтыбеков бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып, соңғы жылдары қала тұрғындарының спортқа деген ықыласы артып келе жатқанын ерекше атап өтті.
МАРАТБЕК МЫҚТЫБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Шымкент қаласында үлкен жүгіру жолағы ашылғаннан кейін спортқа деген қызығушылық көп болып жатыр тұрғындар арасында. Еріктілер де спорттық шараларда көбеюде. Тағы бұқаралық іс шаралар өткізу дирекциясын құрған болатынбыз. Мұны іске асырамыз деп ойлап отырмыз.ең үлкен ірі марафонымыз күзде өтеді. жыл сайын күз мезгілінде өтетін ірі көлемдегі Шымкент марафоныны 5000 нан аста спортшылар қатысады. Оны кең көлемде жоғары деңгейге шығаруға тырысамыз.
Бүгінгі бірлік марафоны - Қазақстан халқының ынтымағы мен татулығын дәріптеді. Мұндай спорттық шаралар енді тұрақты түрде өткізіліп тұратын болады. Қазірдің өзінде Шымкент қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде екі рет жүгіру марафоны және екі веломарафон ұйымдастырылып тұрады.